Көкшетаулық ІІБ қызметкерін өлтірді деген күдікпен полицей ұсталды

Дархан Еламанов

ІІБ-ні? жо?алып кеткен ?ызметкері ?лі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?мола облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

ІІБ-нің жоғалып кеткен қызметкері өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 желтоқсанда Ақмола облыстық ІІД қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 2016 жылдың 25 желтоқсанында жоғалып кеткен Д.М.Еламановты өлтірді деген полиция қызметкерін ұстады.

"Күдіктінің берген түсініктемелеріне қарағанда, ол бұл қылмысқа араздықтан барған. Қазіргі уақытта қаза тапқан жігіттің денесі табылды, сараптамалар тағайындалды. Күдіктінің кінәсін мойындаған түсініктемелері бар", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Реклама
Реклама

"Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды. Күдікті ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабы бойынша уақытша қамау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу аясында кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Көкшетауда ІІБ қызметкерінің іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама