ПОДЕЛИТЬСЯ
09 наурыз 2020 | 13:18
Көкшетауда 37 жылқыны пойыз қағып кетті
Көкшетау станциясының темір жол төсемінде машинист 37 бас жылқыны басып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Көкшетау станциясының темір жол төсемінде машинист 37 бас жылқыны басып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Биыл 7 наурызда сағат 04.55-те Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөліміне "Қарағай-Уголки" аралығында жүк пойызының машинисі темір жол төсемінде үй жануарының болуына байланысты шұғыл тежеу қолданып 37 жылқыны қағып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Осы дерекке байланысты оқиға орнына Көкшетау станциясындағы жергілікті полиция бөлімшесінің жедел-тергеу тобы шықты.
Көлік полицейлерімен жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде жылқылардың иесі болып табылатын Ақмола облысының 43-жастағы тұрғыны анықталды. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабы 1-бөлігі, яғни, темiр жолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также