Көкшетауда әйелдер кафе маңында ер адамды ұрып-соққан

Көкшетауда әйелдер кафе маңында ер адамды ұрып-соққан

Көкшетауда үш әйел ер адамды ұрып-соқты деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетауда үш әйел ер адамды ұрып-соқты деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, бұл оқиға 1 наурызда шамамен таңғы сағат 6-да болған.

Полицейлер 43 жастағы ер адам мен 38, 41 және 42 жастағы үш әйелдің сөзге келіп қалғанын анықтаған. Олардың барлығы кафеде отырған. Кейін олардың арасында жанжал шығып, төбелеске ұласқан. Кафе әкімшілігі төбелес шығарғандарды сыртқы шығарған. Полицейлердің мәліметінше, әйелдер сол маңда ер адамды соққыға жыққан.

Реклама
Реклама

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама