25 желтоқсан 2023 09:34

Көкшетауда айы-күні жақындаған жүкті әйел қайтыс болды

©️ depositphotos.com

Көкшетауда айы-күні жақындаған жүкті әйел қайтыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша оның іші ауырып, дене қызуы көтерілген. Тіпті әйелді бірнеше рет жедел жәрдем алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 716.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нәрестені де құтқару мүмкін болмаған. Марқұмның артында екі баласы қалды. Әйел қаланың емханаларының бірінде есепте тұрыпты.

Желі қолданушыларының бірі марқұм небәрі 34 жаста екенін жазды.

Реклама
Реклама

"Ауруханалар (перзентхана!!!) жүкті әйелді неге қабылдамайтын түсінбеймін!!! Екі аурухана қабылдаудан бас тартқан. Апат емес, ауыр ауру емес, ЖРВИ, мына заманда адам ЖРВИ-дан қайтыс болып жатыр! Небәрі 34 жастағы әйел", - деп жазды ол.

"Перзентхана әйелді жүктіліктің 39-аптасында жоғары дене қызуына байланысты қабылдамған, қалаға, қалаға облысқа, ал облыс қайтадан қалаға жіберген. ...Туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, бірден екеуін жоғалту өте қиын әрі қорқынышты", - деп жазды тағы бір желі қолданушысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram