10 ақпан 2020 | 15:17

Көкшетауда балалар ауруханасының астаң-кестеңін шығарған бұзақы ұсталды

Көкшетауда полиция балалар ауруханасында болған оқиғадан кейін тексеріс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көкшетауда полиция балалар ауруханасында болған оқиғадан кейін тексеріс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 6 ақпанда түнде үш қабатты емхана ғимаратына 1991 жылғы ер адам кіріп кеткен.

Реклама
Реклама

Ғимаратқа кіргеннен кейін ер адам 54 жастағы күзетшіге бас салып, одан соң аурухананың мүлкін бүлдіре бастаған. 

Бұзақы пластикалық есіктерді, шыныпакет пен микроскопты сындырған. Осылайша 416 мың теңгеге материалдық шығын келтірген.

Полиция мәліметтеріне сәйкес, 29 жастағы Көкшетау тұрғыны алдымен достарымен бірге ішіп, кейін ауруханаға кіруге бел буған. Қазір ол түнде не болғаны есінде жоғын мойындады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабы, 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Енді Көкшетау тұрғынына айыппұл салынады немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная