ПОДЕЛИТЬСЯ
21 желтоқсан 2020 | 09:21
Көкшетауда газ баллоны жарылды: 8 адам зардап шекті
Көкшетауда газ баллоны жарылып, салдарынан 8 адам зардап шекті. Оның алтауы - бала. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Көкшетауда газ баллоны жарылып, салдарынан 8 адам зардап шекті. Оның алтауы - бала. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"20 желтоқсандағы кешкі сағат 21.14-те Васильковский шағын ауданындағы көпқабатты үйдің бірінші қабатында газ баллоны жарылды. Өрт шыққан жоқ. Өрт сөндірушілер келгенге дейін көршілер мен куәгерлер 6 бала мен 2 ересек адамды құтқарды", - дейді ресми өкіл.
Оның айтуынша, жарылыс бірінші қабаттағы пәтерлердің бірінде болған. Алдын ала ақпарат бойынша пәтерде екі отбасы тұрған. Пәтер иесі көшеден 4 литрлік газ баллонын алып келген. Алайда көпқабатты үй орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесіне қосылған. Иесі неге газ баллонын пәтерге кіргізгені анықталып жатыр.
"Зардап шеккен балалар шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жатқызылып, 2 ересек адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында ТЖД-ның 21 қызметкері, 7 техника, 9 полиция қызметкері және 3 жедел жәрдем көлігі жұмыс істеді", - дейді Талғат Уәли.
Сонымен қатар, Ақмола облысының ТЖД-і газ баллондарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау керегін ескертті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также