10 маусым 2020 | 10:22

Көкшетауда көпбалалы әйел 2 жасар баласымен бірге 5-қабаттан секірмек болған

Көкшетауда көпбалалы ана 2 жасар баласымен бірге 5-қабаттан секірмек болған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көкшетауда көпбалалы ана 2 жасар баласымен бірге 5-қабаттан секірмек болған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, құтқарушылар көлік баспалдағына шығып, келіншекті райынан қайтаруға тырысқанымен, ол сөзге көнбеген. Құтқарушыларға 5-қабатқа шатырдан түсуден басқа амал қалмаған екен.

Реклама
Реклама

Альпинист құрылғыларын пайдаланып жоғарыдан төмен түскен кезде, әлі де айғайлап тұрған әйел оларды байқамапты. Оның үстіне ішімдік ішкені белгілі болды.

Енді жұртты әбігерге салған көпбалалы ананың ақыл-есі дұрыстығы тексеріліп жатыр. Балаларын ювеналдық полициясы оны уақытша оқшаулау орталығына алып кетті.

"Әйел ешкімді тыңдамады. Сәбиді лақтыруға дайын болды. Жоғарыдан түсіп терезеге таяғанда ғана бізді бір-ақ байқады. Бар күшіммен секіріп, оны ішке қарай итеріп жібердім. Соның өзінде қарсылық білдірді. Екінші құтқарушы келіп есік ашты. Үйде тағы екі кішкентай бала бар екен. Олар осының бәрін көріп отырды", - деді Ақмола облыстық ТЖД бөлімше басшысы Роман Шевченко.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная