Көкшетауда кіреберісте дәрет сындырған ер адам видеоға түсіп қалған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Көкшетауда кіреберісте дәрет сындырған ер адам видеоға түсіп қалған https://www.instagram.com/eto_kokshetau_detka/

Көкшетауда ер адам үйдің кіреберісінде дәрет сындырған. Бұл кіреберісте орнатылған бейнебақылау камераларына түсіп қалған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетауда ер адам үйдің кіреберісінде дәрет сындырған. Бұл кіреберісте орнатылған бейнебақылау камераларына түсіп қалған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 30 сәуірде кешке болған. Видеода ер адам кіреберісте шылым шеккені, содан кейін лифт маңында дәрет сындырғаны көрінеді.

1 мамырда Сарыарқа шағынауданындағы үй тұрғындары бейтаныс адамның әрекетіне наразы болып, Instagram-дағы қалалық пабликтердің біріне видео жүктеген (оны мына жерден көруге болады).

Реклама
Реклама

Полицейлер бұзақыны анықтаған. Ол 38 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары ер адамның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы, "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген орындарда темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзу" деген 1-бөлігі және "Ұсақ бұзақылық" деген ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама