26 мамыр 2022 17:51

Көкшетауда мас ер адамдар бала отырған үйді өртеп жібермек болған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Көкшетау полицейлері ішінде бала бар жеке үйді өртегісі келгендерді анықтап, жағдайдың алдын алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетау полицейлері ішінде бала бар жеке үйді өртегісі келгендерді анықтап, жағдайдың алдын алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

26 мамырда Көкшетау Полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан хабарлама түскен. Әйел полицейлерге үйіне көршісі жанармай құйып, өртем жіберемін деп қорқытқанын айтқан.

Оқиға орнына дереу келген учаскелік полиция инспекторлары Борис Толгуров пен Ерқанат Орынбай үйден екі ер адамды ұстады. Олардың екеуі де мас болған.

Реклама
Реклама

Кәмелетке толмаған 4 бала үй ауласында, ал біреуі үй ішінде болған. Сонымен қатар, үй жиһаздары мен қабырғаларына жанармай құйылған.

Қаскүнемдер көнбей, оттық жағып, қоқан-лоқы жасауын тоқтатпаған. Тәртіп сақшылары оларды тез арада ұстап, Полиция басқармасына жеткізген. Бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп, болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Нәтижелері бойынша шешім қабылданатыны айтылды.

Сурет: polisia.kz 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram