ПОДЕЛИТЬСЯ
25 маусым 2023 | 09:57
Көкшетауда полиция бөлімі бастығының орынбасары жоғалып кетті
Көкшетауда Зеренді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Тұрар Дүйсембин із-түзсіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Көкшетауда Зеренді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Тұрар Дүйсембин із-түзсіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.
Жоғалған ер адам туралы арыз қалалық полиция басқармасына 23 маусымда келіп түскен. Әйелінің айтуынша, 20 маусымда ер адам үйден шығып кеткен, содан бері оның қайда екені белгісіз.
Арыз түскен соң Полиция департаменті бірден Зеренді ЖП, Көкшетау қалалық ПБ жеке құрамы, департаменттің жеке құрамы, әскери қызметшілер мен еріктілерді тарта отырып, ауқымды іздестіру шараларын ұйымдастырған.
Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, қазіргі уақытта Дүйсембин бұйрыққа сәйкес кезекті еңбек демалысында.
Полиция із-түзсіз жоғалған ер адамның қайда екені туралы мәлімет білетіндердің құқық қорғау органдарына хабарласуын сұрайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также