Көкшетауда тойға келген қонақтар рейд кезінде көлік жуу орталығы арқылы қашқан

© КТК

Көкшетауда тойға келген қонақтар рейде кезінде көлік жуу орталығы арқылы қашқан, - деп хабарлайды KТК

Көкшетауда тойға келген қонақтар рейде кезінде көлік жуу орталығы арқылы қашқан, - деп хабарлайды KТК

Телеарна мәліметінше, Көкшетауда карантин қайтадан күшейген тұста той жасап, ойын-сауық құрғандар қатары да көбейіп кетті. Адам толы мейрамханалар, сондай-ақ, түнгі клубтар есіктерінбекітіп алып, құзырлы органдардың тексеруші топтарына қарсылық білдіріп жатыр.

Тексерушілер рейд жүргізу барысында осы мейрамханаға 4 сағат бойы кіре алмаған. Ал той ол уақытта әдеттегідей жалғасып жатқан.

Реклама
Реклама

"Әбден ішке кіре алмаған соң мейрамхананы полициямен бірге қоршап алдық. Кешенді ғимараттың кіріп-шығатын есіктері бірнеше жерде бар. Осы кезде көлік жуу орнынан біреу шығып, клиенттер машиналарын жууға түнге қалдырды деді. Кешікпей, есіктер кезек-кезек ашылып адам толы көліктер қаша жөнелді. Осылай бізді алдап соқты", - дейді Көкшетау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Сәрсенбаева.

Телеарна мәліметінше, 1 қазаннан бастап облыс бойынша 600  рет рейд жүргізіліп, ережебұзушыларға 29 миллион теңге айыппұл салынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама