13 сәуір 2022 10:15

Көкшетауда түнгі клубтағы төбелес видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

Түнгі клуб маңындағы төбелесті Көкшетау қалалық Жедел басқару орталығы қызметкерлері түсіріп алған. Төбелеске қатысушылар дер кезінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түнгі клуб маңындағы төбелесті Көкшетау қалалық Жедел басқару орталығы қызметкерлері түсіріп алған. Төбелеске қатысушылар дер кезінде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

10 сәуірге қараған түні Көкшетау полициясының Жедел басқару орталығының инспекторлары түнгі клуб маңында орнатылған камералардың бірінен төбелесті анықтаған. Оқиға туралы ақпарат дереу патрульдік полиция қызметкерлеріне жеткізілген.

Реклама
Реклама

Полицейлер төбелеске қатысқан екі адамды ұстады, олар түнгі клубтың қызметкерлері болып шықты. Тағы екеуі оқиға орнынан қашып үлгерген, бірақ патрульдік полиция батальонының экипаждары оларды облыс орталығы көшелерінің бірінде ұстаған.

Олар медициналық тексеруге жіберіліп, одан әрі тергеу үшін Көкшетау қалалық полиция бөліміне жеткізілген. Төбелеске мекемеге келген 26 жастағы ер адам мен мекеме қызметкерлері арасындағы ауызша жанжал себеп болған.

Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша соталды іс қозғалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram