13 қазан 2021 09:00

Көкшетаудағы тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды. Зардап шеккендер бар

pixabay.com pixabay.com

12 қазанда Көкшетаудағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде газ-ауа қоспасы жарылды. Екі адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


12 қазанда Көкшетаудағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде газ-ауа қоспасы жарылды. Екі адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысының ТЖД мәліметінше, жарылыс салдарынан гипсокартон пәтераралық қабырғалар мен балкон қирады.

"ТЖД қызметкерлері үш адамды эвакуациялады, оның екеуі бала. Оқиға орнында екі адам медициналық көмек сұрады, олар ауруханаға жеткізілді. Оның бірі 1970 жылы туған адамның денесінің 20 пайызын күйік шалды, тағы бір тұрғын шок жағдайында ауруханаға жеткізілді", - деді ведомство өкілдері. 

Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері мобильді пункт ұйымдастырып, тұрғындарға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр, сонымен қатар, 52-09-50 жедел желі ұйымдастырылды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети