“Қол жұмсаған“: Астанада мектептердің бірінде мұғалімнің даулы видеосы жарияланды

“Қол жұмсаған“: Астанада мектептердің бірінде мұғалімнің даулы видеосы жарияланды Видео кадры

Астана мектептерінің бірінде даулы оқиға болды. Желіде жарияланған видеодан кейін тексеріс басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана мектептерінің бірінде даулы оқиға болды. Желіде жарияланған видеодан кейін тексеріс басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға видеосын редакцияның WhatsApp нөміріне оқырман жолдаған. "Парта астынан" түсірілген кадрлардан мұғалім болуы мүмкін ер адамның оқушыларға дөрекілік көрсеткені көрінеді: ол балаларды шапалақпен ұрып, балағат сөздер айтып, айғайлаған.

Tengrinews.kz редакциясы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгінді. Ондағылар жағдайға қатысты пікір білдірді:

Реклама
Реклама

"Астана мектептерінің бірінде болған қол жұмсау дерегіне байланысты мынаны хабарлаймыз: бұл - педагогикалық әдеп нормаларын өрескел бұзу. Қазіргі уақытта мектеп әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Осы кезеңде педагог лауазымдық міндеттерін атқарудан толықтай шеттетілді".

Сондай-ақ оқушылардың заңды өкілдерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілгені атап өтілді.

"Мұғалімнің іс-әрекеті педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте қаралып, қатаң тәртіптік шаралар қабылданады. Жағдай Астана Білім басқармасының бақылауында", - деп толықтырды комитет өкілдері.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама