31 тамыз 2021 13:57

Қоластындағы қызметшіні қуып жүріп ұрған полицей қызметінен босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматы қаласы Наурызбай ауданы полиция бастығының орынбасары қоластындағы қызметшіні ұрғаны үшін қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы Наурызбай ауданы полиция бастығының орынбасары қоластындағы қызметшіні ұрғаны үшін қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы полициясының басшысы Қанат Таймерденовтің айтуынша, тәртіптік комиссия өткізіліп, Наурызбай аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция майорын ішкі істер органдарының беделін түсіретін әрекет жасағаны және "ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің" нормаларын бұзғаны үшін ішкі істер органдарындағы қызметінен шығару туралы шешім қабылданған.

Осы жағдайға байланысты, бөлім басшылары да қызметінен босатылған.

Реклама
Реклама

Меншікті қауіпсіздік бөлімінде бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы "Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану" бойынша соталды тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жоғары лауазымды полицейге қоластындағыларды ұрды деп айып тағылғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram