20 қазан 2021 | 17:45

"Қоластындағыларды ұрады". Полиция бастығы даулы видеодан кейін қызметінен босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі Нұр-Сұлтан әуежайында түсірілген даулы видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі Нұр-Сұлтан әуежайында түсірілген даулы видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлердің жанжалы түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралған. Видеода ер адам полицейлердің бірін ұрғаны көрінеді. Видео сипаттамасында "желілік полиция бөлімінің бастығы қоластындағыларды ұрып жатыр" деп жазылған.

Реклама
Реклама

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, видео жарияланғаннан кейін қызметтік тексеру жүргізілген.

"Көліктегі полиция басқармасының бұйрығы бойынша желілік полиция бөлімінің бастығы, сондай-ақ оның кадр саясаты жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Бұл ретте көліктегі ПД жоғары басшылығының қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шаралар қолданылғаны да айтылады.

"Көліктегі полиция департаментінің басшылығы бұл жағдай өрескел деп санайды және қызметтік-әскери тәртіпті бұзатын басшылар мен қызметкерлерден қатарды тазарту қағидатын ұстанады", - делінген ведомство хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная