ПОДЕЛИТЬСЯ
05 маусым 2024 | 17:54
Көлікті соғып, қашып кетпек болған: Түркістан облысында мас жүргізуші камера арқылы ұсталды
Түркістан облысы ПД жедел басқару орталығының камерасы арқылы жол апатын жасап, оқиға орнынан бой тасаламақ болған жүргізуші дер кезінде анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысы ПД жедел басқару орталығының камерасы арқылы жол апатын жасап, оқиға орнынан бой тасаламақ болған жүргізуші дер кезінде анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыс орталығындағы Ерубаев пен Нышанов көшесі қиылысында сағат 20:25 шамасында Оpel маркалы көлік Matiz-ды соғып, жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.
"Мұны камера бақылап отырған инспектор байқап қалып, қашып бара жатқан көлікті ұстау бойынша Түркістан патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама береді. Берілген ақпарат негізінде, сол аймаққа жақын полицейлер 2 минут ішінде аталған автокөлікті тоқтатып үлгерді. Батальон қызметкерлері құқық бұзушы жүргізушіден мән-жайды сұрап, құжаттарын тексеру барысында, оның ішімдік ішіп, масаң халде көлік тізгіндегенін анықтады", - делінген хабарламада.
Ер адамға жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Ал автокөлікті мас күйде басқарғаны үшін жинақталған материалдар әкімшілік сотқа жолданған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также