ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 04 тамыз 2020 17:05
Көліктің капотында сүйреген: полицейлер видеоға түсініктеме берді
Алматы қаласы Полиция департаменті ер адамды қағып, капотта сүйреп, сосын көлікке салып алып кеткен видеоға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео әлеуметтік желіде тарап кеткен. Оқиға Гагарин мен Қожабеков көшелерінің қиылысында болғаны хабарланған.
Полиция департаменті аталған жайт бойынша "102-ге" хабар түспегенін айтты.
"Қазіргі уақытта жергілікті полиция қызметі басқармасының іздестіру бөлімінің қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтап, сондай-ақ оның қатысушыларына тексеріс жүргізіп жатыр. Тексеру шараларының нәтижелері бойынша болған оқиға нақты сараланып, одан әрі кінәлі тұлғаларға қатысты шаралар қабылданады", - дейді ведомство өкілдері.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу