ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 08 қаңтар 2022 17:07
Комендатура Алматыда су уланғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Алматыдағы су құбырындағы уланған су туралы мәлімет - фейк. Бұл туралы қалалық комендатураның ақпарат орталығы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматыда су уланғаны туралы ақпарат жалған. Су құбыры жүйесі зертханалық бақылауда. Тек ресми ақпаратқа сенім артыңыздар", - делінген хабарламада.
Бұған дейін әкімдік өкілдері қалада су және жарықты өшіру жоспарланбағанын мәлімдеген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу