01 тамыз 2023 | 09:15

Қонаевта ата-аналар балалар лагеріндегі жағдайға шағымданды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Сандугаш Дуйсенова/Instagram

Қонаевтағы балалар лагеріндегі бөлменің суретін журналист Сандуғаш Дүйсенова Instagram-парақшасында жариялады. Кадрлардан балалар ұйықтайтын бөлменің қабырғаларынан бояуы кеткені көрінеді, жайлы деп айтуға да келмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қонаевтағы балалар лагеріндегі бөлменің суретін журналист Сандуғаш Дүйсенова Instagram-парақшасында жариялады. Кадрлардан балалар ұйықтайтын бөлменің қабырғаларынан бояуы кеткені көрінеді, жайлы деп айтуға да келмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, суретте балалар жататын төсектер бір-біріне тым жақын орналасқаны көрінеді, ал санитария дәрігерлердің нұсқауы бойынша жатын бөлмесіндегі орын саны бір балаға төрт шаршы метрден есептелуі керек.

Балалар құқығын қорғау комитеті жұмыс тобының лагерьге кеткенін хабарлады.

Реклама
Реклама

"Оқу-ағарту министрлігі мен Білім басқармасының өкілдері орталықта балалардың тұру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайын тексереді. Бұған дейін Қонаев атындағы білім бөлімі осы жекеменшік "Бәйтерек" лагерінде мониторинг жүргізген. Оның барысында лагерьде СЭС рұқсаты бар екені анықталды", - деді комитет өкілдері.

Оқиға орнында прокурорлар да бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная