Қонаевта ер адам автобуста жолаушыны пышақтап тастады

видео кадры

Қонаевтағы маршруттық автобуста жанжал туды. Жолаушылардың бірі екіншісіне пышақпен шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қонаевтағы маршруттық автобуста жанжал туды. Жолаушылардың бірі екіншісіне пышақпен шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеолардың бірінде үсті қанға боялған адам көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, мойнынан пышақпен жараланған ер адам қыздың үстіне құлап кете жаздаған.

Реклама
Реклама

Қонаев полициясының мәліметінше, шабуыл жасаған адам ұсталған.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Қонаев полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының 36 жастағы тұрғынын ұстады және полицияға жеткізді, ол қоғамдық көлікте 41 жастағы ер адамға пышақ жарақатын салды. Адам өлтіруге оқталу дерегі қалалық полицияда тіркелді", - деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Зардап шеккен жолаушының жағдайы әзірге белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама