Көпқабатты үйде шыққан өрттен зардап шеккен әйел жансақтау бөлімінде жатыр

Көпқабатты үйде шыққан өрттен зардап шеккен әйел жансақтау бөлімінде жатыр © Vesti.Ru

Шымкент қаласындағы Тұран шағынауданындағы бес қабатты "Адия" тұрғын үй кешенінің төртінші қабатындағы балконда газ баллоны жарылған. Салдарынан күйіп қалған келіншекті көршілері ауруханаға жеткізген, - деп хабарлайды "Отырар"

Қазір күйік шалған науқас Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер 28 жастағы келіншектің жағдайын ауыр деп отыр.

"14 маусымда сағат 18:30 шамасында 1991 жылғы әйел түсті. Диагнозы термиялық күйік. Бірінші, екінші, үшінші дәрежелі күйік шалған. Денесінің 20 пайызы күйген. Жағдайы бірқалыпты, ауыр. Қажетті ем қабылдап жатыр", - дейді орталықтың дәрігері Мақсат Анарбекұлы.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, балконда тұрған газ балоны жарылған кезде үйде 28 жастағы келіншек пен оның екі баласы болған. Балалар ешқандай жарақат алмаған.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама