ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 29 қыркүйек 2020 18:59
Көпірде тұрған ер адам Алматы тұрғындарын шошытты
Көпірде тұрған ер адам Алматы тұрғындарын шошытты. Полиция оқиғаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео Instagram-парақшада жарияланды. Кадрлардан ер адамның көпірде тұрғанын көруге болады.
"Ташкент - Момышұлы. Жол үсті өткел. Секіргісі келіп тұрған сияқты?", - дейді ролик авторы.
Алматы полициясы бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Полиция куәгерден қоңырау түскенін айтты. Бес минуттың ішінде "Боран" қызметкерлері оқиға орнына жетті. Бірақ мекен-жайда ешкім болмады. Қалада бүгін суицид туралы ақпарат жоқ", - деді Алматы полициясының баспасөз қызметіндегілер.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу