ПОДЕЛИТЬСЯ
21 сәуір 2019 | 17:01
Қордайда жол апатынан зардап шеккендер Ташкентке жеткізілді
Қордайда жол апаты салдарынан зардап шеккендерді реанимобильмен Қазақстан аумағынан Бішкекке жеткізген, - деп хабарлайды Оtyrar.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қордайда жол апаты салдарынан зардап шеккендерді реанимобильмен Қазақстан аумағынан Бішкекке жеткізген, - деп хабарлайды Оtyrar.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласындағы Өзбекстанның Бас консулдығының мәліметінше, зардап шеккендерге көмектесу үшін оқиға орнына (Қордай ауданына) өзбекстандық үкіметтік комиссия мүшелері келген. Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Абдулла Кулдашев бастаған топ барлық қажетті шараларды 2019 жылы 21 сәуірде түнгі 02:00-де аяқтап, әр түрлі дене жарақатын алған төменде көрсетілген азаматтарды Қазақстан аумағынан реанимобильдермен алып кеткен:
1. Улжабаев Аббос, 21.01.1994 жылғы;
2. Хаитбаев Умирбек, 22.06.1985 жылғы;
3. Ахмедова Радмила, 05.08.1994 жылғы;
4. Матчанов Отабек Абдуллаевич, 22.04.1985 жылғы;
5. Сейтмуратов Дустджан Даулетович, 22.02.1987 жылғы;
6. Хайдаров Сардар Анарбек угли, 09.05.1994 жылғы;
7. Ильясов Марис, 1974 жылғы;
8. Мамбетов Насридин, 09.05.1971 жылғы;
9. Джаббаров Шодлик Махсудович, 25.12.1984 жылғы. Бішкектен бұл азаматтарды Өзбекстан ТЖМ арнайы борты алып кетеді.
Жол апатынан зардап шекпеген 21.04.1999 жылғы Мухимджанов Заводбек, 8.01.1997 жылғы Абдусатиров Исломиддин медициналық бақылаудан кейін, туыстарымен бірге Алматыға қарай кетті.
16.08.1996 жылғы Жуманиязова Мархамат Тараз қалалық ауруханасында дәрігерлердің бақылауында жатыр, оны басқа жерге ауыстыруға болмайды екен.
Қордай ауылындағы Орталық аудандық ауруханасындағы мәйітханада қаза тапқан Өзбекстанның үш азаматының денесі жатыр:
1. Абдухаликов Уринбой Мирхамит угли, 04.11.1993 жылғы;
2. Калмуратов Алишер Сапарбаевич, 30.12.1988 жылғы;
3. Ермекбаева Дилором, 1972 жылғы
Қажетті тексеру шараларынан кейін қазақстандық тарап мәйіттерді қазақстандық-өзбекстандық шекараға жеткізеді.
Бас консулдық өкілдері қажетті көмек көрсету үшін Қордай ауылында болады.
Показать комментарии
Читайте также