05 қараша 2018 | 14:19

"Қорғаста" 66 ішікті заңсыз алып өтпекші болғандар ұсталды

"Қорғас" ШЫХО "Алтынкөл" кеден бекетінің қызметкерлері Шекара қызметімен бірлесіп Қазақстанға 66 ішікті заңсыз алып өтпекші болғандарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қорғас" ШЫХО "Алтынкөл" кеден бекетінің қызметкерлері Шекара қызметімен бірлесіп Қазақстанға 66 ішікті заңсыз алып өтпекші болғандарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2018 жылы 3 қарашада өткен операция барысында Алматы облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері де атсалысты. 

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта тәркіленген тауардың кедендік бағасы анықталып жатыр, сондай-ақ ұсталған азаматтарды жауапкершілікке тарту шарасы қарастырылып жатыр", - деді кеден бекеттің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Кеден қызметкерлерінің айтуынша, заңсыз алып өтпекші болғандар ішікті төсек орын жабдығына не целлофанға орап тастайды. Кейде қымбат киімдерді қарапайым күртелермен араластырып алып өтпекші болатындар да ұсталып жатады екен. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная