23 наурыз 2021 | 11:07

"Қорқынышты болды". Қарағандыда қалада асқан жылдамдықпен жүріп өткендер іздестіріліп жатыр

Видео кадры

Қарағандыда полицейлер жолда жоғары жылдамдықпен жүріп, қарсы бағытқа шығып, апаттық жағдай жасағандарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда полицейлер жолда жоғары жылдамдықпен жүріп, қарсы бағытқа шығып, апаттық жағдай жасағандарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде жеңіл көлік айдаған екі ер адам жолда жарыс ұйымдастырғаны туралы видео пайда болды. Видеолардың бірінде тәртіп бұзушылар қарсы бағытқа шығып, көліктермен соқтығыса жаздағаны көрсетілген. Видео кадрынан оқиға Бұқар Жырау даңғылында, Сity Moll сауда орталығының маңында болғанын байқауға болады. Куәгерлердің сөзінше, оқиға 21 наурызда сағат 14.10-да болған. 

"Біз өз жолымызбен кетіп бара жатқан кезде ол көлік қарсы шықты. Қорқынышты болды. Жоғары жылдамдықпен келе жатты. Жүргізуші әдейі істеп жатқаны көрініп тұр. Зардап шеккендер жоқ", - дейді куәгер. 

Реклама
Реклама

Видео Желіде қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары жүргізушілерді жазалау керегін және оларды өмір бойына жүргізу куәлігінен айыру керегін айтады.  

Артынша бірінші ролик шыққаннан кейін Желіде тағы бір видео пайда болды. Оны жүргізуші мен қасында отырған адам түсірген. Олар болған жағдайға күліп, видеода өздері мен жүргізу куәлігін көрсеткен. 

Артынша Желіде сол жігіттер Бұқар Жырау даңғылында Мәдениет сарайының жанынан жоғары жылдамдықпен жүріп өткені туралы ролик пайда болды. 

Қарағанды облысы Полиция департаменті тәртіп бұзушылардың кім екенін анықтап жатқанын хабарлады. Ведомство өкілдері толық ақпаратты кейінірек беретіндерін айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная