Көшедегі жаппай төбелес түсірілген видео жария болды

Көшедегі жаппай төбелес түсірілген видео жария болды ©Тengrinews.kz

Интернетке Астана көшелеріндегі төбелес түсірілген видео орналастырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Бейнежазбаға қарағанда, төбелес Сарыарқа және Сейфуллин көшелерінің қиылысында көлік жүргізушілері арасында болған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізушілердің бірі екіншісіне жол бермеген. Төбелес жол үстінде болғандықтан, көлік қозғалысы тежелді. Видеодан оқиға орнына полиция қызметкерінің келгенін көруге болады. Содан кейін жанжалдасушылар тарасты. 

Бірақ Астана қаласы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің Tengrinews.kz тілшісіне хабарлауынша, департаментке төбелес туралы шағым түспеген, ол туралы ақпарат та жоқ. 

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама