ПОДЕЛИТЬСЯ
03 ақпан 2021 | 08:17
Қосшыдан Қарағандыға шыққаннан іс-түссіз жоғалған жүкті әйел табылды
Екі апта бұрын Ақмола облысындағы Қосшы кентінен шыққаннан кейін жоғалып кеткен 32 жастағы жүкті әйел Гүлнара Сәрсенова Қарағандыдан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Екі апта бұрын Ақмола облысындағы Қосшы кентінен шыққаннан кейін жоғалып кеткен 32 жастағы жүкті әйел Гүлнара Сәрсенова Қарағандыдан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Әйелді Майқұдықта учаскелік полиция инспекторы тауып алды. Ол қызмет ететін аумақты аралау кезінде байқап танып қалады, содан кейін оны бөлімге жеткізді. Іздестіру туралы бастама жасаған адам хабарланды", - деді Қарағанды облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.
Әйелдің үйден кетуіне не себеп болғаны әлі белгісіз. Гүлнар Сәрсенова қазір үйіне келе жатыр, ал онымен бірге тұратын Александр Ершов әзірге онымен сөйлеспегенін айтты.
Айта кетейік, Гүлнара Сәрсенова Қарағандының тумасы, бұрын № 13 шағынауданда тұрған.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан - Қарағанды жолында Ақмола облысы Қосшы кентінің 32 жастағы жүкті тұрғыны із-түссіз жоғалып кеткені хабарланған болатын. Онымен бірге тұратын ер адам еріктілер мен полицияға жүгінді. Сондай-ақ ол 14 қаңтарда әйел таксимен кетіп қалғанын, оның телефоны Қосшы ауылынан төрт шақырым жерде ажыратылғанын мәлімдеген.
Александр Ершов Қарағандыға азаматтық некедегі әйелін іздеуге кем дегенде тоғыз рет барған, бірақ таба алмаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также