Қостанай облысында ауыл тұрғынына қасқыр шабуыл жасады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Қостанай облысында қасқыр адамға шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Qostanai.Media сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысында қасқыр адамға шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Qostanai.Media сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 24 желтоқсанда Наурызым ауданы Қарамайшы кентінде болған. Жыртқыш жеке үйдің ауласына келіп, 40 жастағы ер адамға шабуыл жасаған. Ауыл тұрғындарының бірі оқыс жағдайдың алдын алып үлгерген. Ол айқайлаған дауысты естіп, үйден жүгіріп шығып, балтамен қасқырды өлтірген.

Қазір Қарамайшы тұрғыны аудандық ауруханада, дәрігерлердің бақылауында. Оның денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Ал қасқыр облыстық орталыққа сараптамаға жіберілгені белгілі болды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама