27 қараша 2023 | 09:07

Қостанай облысында айласын асырмақ болған ер адам ұсталды

видео кадры

Қостанай облысында мас жүргізуші ұсталған кезде орнын ауыстырып, жолаушы екенін айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында мас жүргізуші ұсталған кезде орнын ауыстырып, жолаушы екенін айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 қарашада "Құқықтық тәртіп" жедел алдын-алу шарасы барысында Тобыл қаласындағы патрульдік полиция қызметкерлері 2017 жылдан бері автокөлік жүргізуге құқығы жоқ 34 жастағы ер адамды ұстады. Жүргізуші мас күйінде болған.

"Тоқтаған кезінде жүргізуші алдыңғы жолаушылар орындығына ауысып, өзің жолаушы секілді көрсетті. Ал көлікте басқа ешкім болмады.

Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқаруы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Автокөлік арнайы автотұраққа қойылған. Жүргізушіні Қостанай аудандық соты 20 тәулікке әкімшілік қамауға алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная