12 қаңтар 2022 12:53

Қостанай облысында блокбекетте тұрған автомобильге жүк көлігі соғылды

Дина Шарипханова Корреспондент

Қостанай облысында жүк көлігі бақылау-өткізу бекетіндегі екі көлікке, оның ішінде полиция көлігіне соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында жүк көлігі бақылау-өткізу бекетіндегі екі көлікке, оның ішінде полиция көлігіне соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Қостанай-Мамлютка тасжолының 60-шақырымында болған. Volvo-12 жүк көлігінің жүргізушісі бақылау-өткізу бекетіне жақындап келе жатып, жол жиегінде тұрған Jac S-3 қызметтік көлігін, сондай-ақ бекетте тұрған Lada Granta көлігін соққан. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

"Дерекке қатысты жүк көлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы "Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деді Қостанай облысының Полиция департаменті өкілі.

Реклама
Реклама

Облыстық комендатура апат тежегіш жүйесінің істен шығуына байланысты болғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram