Қостанай облысында бір жарым жыл бұрын суға ағып кеткен баланың денесі табылды

Қостанай облысында бір жарым жыл бұрын суға ағып кеткен баланың денесі табылды Kstnews.kz сайтынан

Қостанай облысында бір жарым жыл бұрын суға ағып кеткен баланың денесі табылды. Бұл туралы "Костанайские новости" басылымына баланың әкесі хабарлады.

Оқиға 2013 жылдың 2 желтоқсанында Меңдіқара ауданының Буденовский ауылында болды. 8 жастағы Денис пен 7 жасар Женя Максименко Тобыл өзеніне батып кеткен. Женяның денесін водолаздар үш күннен кейін тапты. Ал Денистің денесін балықшылар бір жарым жыл өткен соң тауып алды.

Баланың денесін іздеу жұмыстары ұзаққа созылды. Ауа райы мен судағы қар құтқарушыларға кедергі келтірді. "Оның денесі сіздер құтқарушылардың жұмыс істеп жатқанын суретке түсірген жерден табылды, - деді Андрей. - Осы аптаның басында балықшы хабарласып, суда адам денесі жатқанын айтты. Көтеріп қарағаннан кейін оның Денистің денесін таныдық. Біз осы жылдар ішінде оны іздедік. Денистің көмусіз жатқаны жаныма маза бермеген еді".

Реклама
Реклама

Андрейдің айтуынша, ауыл тұрғындары әйелі екеуін оқиға болған күннен бастап қолдаған. Екі ұлынан бірдей айырылған Максименко жерлестерінің көп көмегі тигенін айтты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама