31 қазан 2023 | 10:55

Қостанай облысында ер адам зейнеткердің 2,8 миллион теңге ақшасын ұрлап кеткен

Дина Шарипханова Корреспондент
@POLICE_of_KZ

Қостанай облысында зейнеткердің ақшасын ұрлаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында зейнеткердің ақшасын ұрлаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға 66 жастағы зейнеткер хабарласып, депозитінен ірі сома 2 миллион 800 мың теңге ұрланғанын айтқан. Әйел пәтеріндегі су тазарту сүзгілерін ауыстыруды ұйғарған. Осы жұмыстармен айналысатын екі жігіт оның үйіне бірнеше рет келіп, зейнеткердің жалғыз тұратынын көреді.

Реклама
Реклама

"Төлем жасау үшін шебер зейнеткердің телефонына банк қосымшасын орнатуды ұсынды. Зейнеткер сенім артып, жеке куәлігін тапсырған. Ол құжатпен жігіт тексеруден өтіп, ақшаны депозиттен таныстарының шоттарына аударған. Зейнеткер ХҚКО-ға жүгінген кезде ғана ақшаның жоғалғанын анықтады", - делінген хабарламада.

Қылмысты ашумен "Cyber pol" арнайы полиция бөлімшесі айналысқан. 28 жастағы Федоров ауданының тұрғыны ұсталды. Осы уақытқа дейін ол ұрланған ақшаға қымбат заттар мен телефон сатып алып, жұмсап үлгерген. Полицейлер оның бұрын алаяқтық әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. ҚР ҚК 190-бабы 2-тармағының 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная