Қостанай облысында Honda мен КамАЗ соқтығысып, екі адам қаза тапты

Фото:polisia.kz

Қостанай облысында жол апаты болып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысында жол апаты болып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, шетелдік нөмірмен жүрген көліктерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

4 мамырда Honda көлігі Қостанай облысынан Ақтөбеге бара жатқан. Көлік тізгінін 29 жастағы жүргізуші басқарған.

Реклама
Реклама

Қостанай-Қарабұтақ тасжолының 334-шақырымында жүргізуші көлік тізгінін басқара алмай, жолда жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан КамАЗ-бен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Honda жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапқан.

Сондай-ақ, 29 жастағы жүргізушінің ауруханаға жатқызылғаны айтылады. Бұдан бөлек жол-көлік кәсіпорнының екі жұмысшысы зардап шеккені айтылады. Олар да ауруханаға жеткізілген. КамАЗ жүргізушісі зардап шеккен жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама