ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 13 сәуір 2026 10:38
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты
Қостанай облысында тасжолда төрт адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Өңірлік Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты Қостанай - Әулиекөл - Сұрған тасжолының 106-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes-Benz 200 автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, ВАЗ 2107 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Соққы салдарынан төрт адам қаза тапты.
"Апат дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу