05 қаңтар 2020 10:39

Қостанай облысында жол апатынан алты адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

4 қаңтарда шамамен 17:30-да Қарабұтақ-Қостанай тасжолының 84-шақырымында екі көлік соқтығысты, - деп хабарлайды "Алау" Қостанай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 


4 қаңтарда шамамен 17:30-да Қарабұтақ-Қостанай тасжолының 84-шақырымында екі көлік соқтығысты, - деп хабарлайды "Алау" Қостанай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Nissan Teana маркалы автомобильдің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне өтіп кетіп, Porsche Cayenne көлігіне соқтығысқан. 

Жол апаты салдарынан алты адам зардап шекті. Nissan Teana көлігіндегі екі адам, Porsche Cayenne автомобиліндегі төрт адам ауруханаға түсті. 

Осы дерекке қатысты Таран аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети