28 маусым 2021 12:36

Қостанай облысында жол апатынан кәмелетке толмаған үш бала қаза тапты

Қостанай облысында балалар отырған көлік жолдың қарсы бетіне шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш кәмелетке толмаған бала қаза тапты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында балалар отырған көлік жолдың қарсы бетіне шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш кәмелетке толмаған бала қаза тапты.

Жол апаты Қостанай-Қарабұтақ автожолының 494-шақырымында болған. Renault Sandera көлігін тізгіндеген 36 жастағы әйел жүк көлігін басып озамын деп жолдың қарсы бағытындағы Lexus көлігімен соқтығысқан. Апат 20:20-да, Қостанай облысындағы Бейімбет Майлин ауданында болды. Renault Sandera жолаушылары демалыс аймағынан келе жатқан.

"Жол апаты салдарынан кәмелеттік жасқа толмаған 3 жолаушы қаза тапты. Екеуінің жасы 14-те, біреуі 17-де. Сол көліктің жүргізушісі мен 40 жастағы жолаушының денесі жараланды", - деп хабаралады Қостанай облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу" бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды.

Бұл бап бойынша кінәлі 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram