Қостанай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Куәгерлер суреті

Қостанай - Әулиекөл - Сұрған республикалық тасжолында жол апатынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай - Әулиекөл - Сұрған республикалық тасжолында жол апатынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 28 қазанда таңертең Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Новонежинка және Жусалы елді мекендерінің арасында болған.

59 жастағы TANK маркалы автокөлік жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, ВАЗ-2112 маркалы көлікпен соқтығысқаны хабарланды.

Реклама
Реклама

Соқтығыс салдарынан ВАЗ көлігіндегі төрт адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, TANK көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды.

Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі бойынша полицейлер соталды тергеу амалдарын бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама