06 маусым 2023 | 17:49

Қостанай облысында ірі жол апаты болды. Екі адам қаза тапты

видео кадры

Қостанай облысында ірі жол апаты болып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ телеграм-арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында ірі жол апаты болып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Оқиға 6 маусымда сағат 11:00 шамасында Қостанай – Әулиекөл - Сурған тасжолында болған.

"Салонында 4 жолаушысы бар Toyota Alphard жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Көкшетау тұрғыны тізгіндеген қарсы келе жатқан Renault жүк көлігімен соқтығысуға жол бергені анықталды. Әрі қарай, минивэн Атбасар тұрғыны мінген Daf басқа жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан 46 жастағы Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі және оның 2013 жылы туған ұлы қаза болды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Минивэннің тағы үш жолаушысы ауруханаға жатқызылғаны айтылды.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная