ПОДЕЛИТЬСЯ
16 сәуір 2021 | 09:11
Қостанай облысында тасжолды су басып, үш тракторшы қаза тапты
Қостанай облысында сел жүріп, үш тракторшы қаза тапты. Су басқан аймақтан өтпек болған кезде олардың тракторы аударылып кеткен, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанай облысында сел жүріп, үш тракторшы қаза тапты. Су басқан аймақтан өтпек болған кезде олардың тракторы аударылып кеткен, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында селге байланысты жағдай қиын. Бұл аймақта ондаған үй су астында қалған. Адамдар әлеуметтік желіде жантүршігерлік видеолар тарата бастаған.
Мысалы Солтүстік Қазақстандағы Имантау қаласында үлкен су ағыны адамдардың жолын жауып тастаған. Еріген су бірнеше минут ішінде бүкіл ауылды басып қалған.
"Тұрғындар үй жануарларын сыртқа шығарып жіберуіне тура келді. Көшеттер мен егінге қауіп төніп тұр", - дейді журналистер.
Ал Қостанай облысы Урицкий ауданында су тасжолға шығып кеткен. Салдарынан көлік қозғалысы тоқтаған. Таяуда Қарамырза ауылындағы ондаған үйді су басқан. Қаза тапқандар да бар.
"Мысалы Қостанай облысында ТК-744 тракторы аударылып кетті, оның ішінде төрт адам отырған. Оның бірі шыға алған, ал үшеуін құтқарушылар алып шықты. Өкінішке қарай, олар қайтыс болды", - деді ТЖ министрі Юрий Ильин.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также