25 тамыз 2023 12:02

Қостанай облысындағы тасжолда жол апатынан 4 адам қаза тапты

Сурет: t.me/POLICE_of_KZ

Қарабұтақ-Қостанай тасжолының 495-шақырымында жол апаты болды. Toyota микроавтобусы бульдозермен соқтығысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарабұтақ-Қостанай тасжолының 495-шақырымында жол апаты болды. Toyota микроавтобусы бульдозермен соқтығысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Апат салдарынан жүргізуші мен 3 жолаушы оқиға орнында қаза болған, тағы 3 адам Рудный қаласының ауруханасына жатқызылды. Автокөлік Жітіқарадан Қостанайға шыққан.

Реклама
Реклама

"Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, бірқатар жол белгілерін елемеген және жол қозғалысы жабылған технологиялық учаскеге шығып кеткені анықталды", - деп жазылған Telegram-арнада.

ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша "Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу" соталды тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram