Қостанайда 20 жастағы қыз бала жол апатынан қайтыс болды

Қостанайда 20 жастағы қыз бала жол апатынан қайтыс болды

Қостанайда № 11 бағытта жүретін жолаушылар автобусы қаланың 20 жастағы тұрғынын қағып кетті, - деп хабарлайды "Алау".

Қостанайда № 11 бағытта жүретін жолаушылар автобусы қаланың 20 жастағы тұрғынын қағып кетті, - деп хабарлайды "Алау".

Жол-көлік оқиғасы 22 қаңтарда шамамен 13:00-де Алтынсарин көшесінің бойында "Сулпак" дүкеніне жақын маңда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз баланы жаяу жүргіншілерге арналған жолда қағып кеткен. Ол түрлі дене жарақатын алған. Ауыр халде қызды жансақтау бөліміне жеткізген. 


Сурет қыз баланы қағып кеткен жерде түсірілген. © alau.kz

Реклама
Реклама

Кейінірек науқастың қайтыс болғаны анықталды.

"Ол жол апатынан кейін ауыр халде түсті. Біз қажетті көмектің барлығын көрсеттік. Өкінішке қарай, аман алып қала алмадық. Ол қайтыс болды", - деді Қостанай қалалық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымова.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама