Қостанайда 5-қабаттан құлап кеткен әйел ауруханада көз жұмды

05 Наурыз 2018, 12:09
0
Қостанайда 5-қабаттан құлап кеткен әйел ауруханада көз жұмды - © alau.kz
© alau.kz

Қостанайда 5-қабаттан құлап кеткен әйел ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Alau.kz.

Басылымның мәліметінше, әйел адам бір апта бойы жансақтау бөлімінде жатқан. Аурухананың бас дәрігері Самат Шүменбаевтың айтуынша, әйел есін жимастан қайтыс болды.

Дәрігер оның қатты жарақат алғанын айтады. "Травматикалық шок алған. Есін жимастан көз жұмды", - дейді аурухананың бас дәрігері.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қостанай облысында 1989 жылғы әйелдің үйдің бесінші қабатынан, яғни, баспалдақтың ортасындағы ашық бөлігінен құлап кеткені хабарланған еді. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша іс қозғалды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай