ПОДЕЛИТЬСЯ
13 ақпан 2024 | 09:43
Қостанайда абайсызда адам өлген төбелеске қатысты үкім шықты
Қостанайда сот адам өліміне әкеп соққан төбелеске қатысты үкім шығарды. 24 жастағы Игорь Фоминых кінәсіз деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі tobolinfo сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанайда сот адам өліміне әкеп соққан төбелеске қатысты үкім шығарды. 24 жастағы Игорь Фоминых кінәсіз деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі tobolinfo сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 2023 жылғы 29 мамырға қараған түні болған. Біржан Жүнісов достарымен бірге барға кірмек болған кезде төбелес шыққан. Келушілердің кейбірі мас күйде болғандықтан мекемеге кіргізбей қойған. Бұл күзетші Валентин Лысенкомен жанжалға ұласып, төбелес шыққан. Салдарынан Жүнісов қаза болады.
Күзетшіге қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған. Айыпталушы тарапта James Bond барының диджейі болды. Ол төбелеске басқаларға қарағанда кеш араласқан.
Прокурор Фоминыхты "Абайсызда өлімге әкеп соқтыру" бабы бойынша 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ сот Фоминыхтың өзін қорғау мақсатында әрекет еткенін анықтады.
"Адамның қайтыс болғаны қашанда ауыр, бірақ сот ешқандай заңсыз әрекеттерді таппады, бұл өзін-өзі қорғау әрекеті", - деп түсіндірді судья Алтын Байжұманова.
Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған апелляциялық сатқа шағым жасауға болады. Зардап шеккен тарап бұл мүмкіндікті пайдаланатынын мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также