06 мамыр 2022 02:00

Қостанайда автобус жүргізушісі жолақы төлей алмаған 13 жастағы қызды қала шетіне апарып тастаған

kstnews.kz сайтынан иллюстрация

Қостанай тұрғыны Жанна Богатырева қызы қоғамдық көлікте тап болған оқиғасын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КН" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай тұрғыны Жанна Богатырева қызы қоғамдық көлікте тап болған оқиғасын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КН" басылымына сілтеме жасап.

"№19 бағыт жүргізушісінің дөрекілік танытқаны туралы оқиғаны баяндайын. Қызымның төлем картасы жұмыс істемей қалған. Ол оған айғайлап, артынша кәмелетке толмаған баланы қала сыртына, соңғы аялдамаға дейін алып кеткен. Сол жақта қалдырып кеткен. Ол жақтан қызым жаяу келіпті. Оның жанында тұрған бір қыз жолақысын төлеп берген. Бірақ ол оны тіпті елемей қойған. Көмектескен қыз оған телефон арқылы аударуды ұсыныпты, бірақ ол елемей, қызымды жылыжайға алып кеткен. Менің қызым 13 жаста. Ал егер бірдеңеге ұрынса не болар еді? Аман-есен оралғанына Құдайға шүкір", - деп жанайқайын айтты қыздың анасы. 

"ТуристТрансСервис" ЖШС басылым тілшісіне мұндай оқиға болғанын растапты.

Реклама
Реклама

"Тексеріс жүргізілді, жүргізуші қатаң жазаланды", - деп қысқа қайырыпты компаниядағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram