19 мамыр 2022 14:29

Қостанайда жанып жатқан көліктен ер адамды құтқару сәті видеоға түсіп қалған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Қостанайда жанып жатқан көліктен 29 жастағы ер адамды құтқару сәті видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда жанып жатқан көліктен 29 жастағы ер адамды құтқару сәті видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

19 мамырда сағат 02:00 шамасында "102" пультіне Юбилейный ауданында көлік жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Кейін ВАЗ-2114 автокөлігі жанып жатқан оқиға орнына автопатруль келген. Көлікке жақын маңда патрульге көлік салонында бір адам барын айтқан жас жігіт болған.

"Жанып жатқан көлікке қарай жүгіріп, жүргізуші жағынан есікті аштық. Рөлдегі ер адам ес-түссіз күйде болды. Жүргізуші салоннан шығарылып, қауіпсіз жерге, автобус аялдамасына жеткізілді", - деді Қостанай облысы Полиция департаментінің қызметкері Жұманиязов.

Реклама
Реклама

Кейін көлікте қозғалтқыш жанғаны анықталды. Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

Сурет: Қостанай облысы ПД

Полицейлер қостанайлық Бауыржан Тәжбаевты белсенді азаматтық ұстаным танытқаны үшін марапаттады. Құқық қорғау органдары оған ІІМ логотипі бар сағат табыстады.

"Нағыз батыр, өзінің орнында кім болса да дәл осылай істейтінін айтты", - деді тәртіп сақшылары.

Сурет: Қостанай облысы ПД

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram