Қостанайда жекеменшік үй өртеніп, төрт адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Қостанайда жекеменшік үй өртеніп, төрт адам қаза тапты Фото: instagram.com/qostanai_tjd

Қостанайда тұрғын үйден өрт шығып, төрт адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Қостанайда тұрғын үйден өрт шығып, төрт адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

2022 жылдың 27 наурызында сағат 13:57-де Қостанайдағы Тобольская көшесіндегі 2 қабатты жекеменшік үйде өрт шыққан.

"Өрт орнында үй-жайды жалға алған 1988 жылы туған азаматтың денесі табылды, өрт кезінде зардап шеккен 1985 жылы туған тұрғын жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Көрші бөлмеде өрт сөндірушілер 2011 және 2013 жылы туған екі қыздың мәйітін тапты", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Сағат 15:05-те өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында ТЖД сынақ зертханасының мамандары жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге ТЖД-ның 23 қызметкері мен 5 арнайы техника жұмылдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама