07 мамыр 2018 10:21

Қостанайда жоғалып кеткен КВН жүргізушісі жалдамалы пәтерде бір қыздың жанынан табылды

Арман Жолданов пен "Азия MIX" командасының капитаны Елдияр Кененсаров. © Instagram

Төрт күн бұрын жоғалып кеткен Қостанай тұрғыны Арман Жолданов жексенбі, 6 мамырда табылды, ол қалада мерекелерді ұйымдастырушы және КВН ойындарын жүргізуші ретінде танымал. Бұл жөнінде "Наша Газета" порталына еріктілер хабарлаған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ер адам қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде қызбен болыпты. "Біз бүгін сағат 18.00 шамасында іздеуге шықпақшы болдық. Жарты сағат өткенде менің номеріме бір қыз хабарласып, ер адамның жалдамалы пәтерінде онымен бірге екенін айтты, ол қыз туралы Арманның туыстары білмеген. Ер адамның телефоны сөніп тұрған. Арманға ағасы хабарласып, оның жағдайының дұрыс екеніне көз жеткізді", - деді ерікті Ирина Ячменева.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 33 жастағы қоғам қайраткері, "Біріккен ұйымдар ассоциациясы" ҚБ төрағасы 1 мамырда Қостанайда жоғалып кетті. Ол үйінен шығып кетіп, оралмаған. Келесі күні оның ағасы полицияға барып, өтініш жазған. Іздестіру жұмыстарына еріктілер де қатысты. Арман ажырасқан, бір қызы бар.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram