17 тамыз 2023 11:08

Қостанайда жол апатынан 3 айлық нәресте қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Қостанайда жол апатынан 3 айлық нәресте қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда жол апатынан 3 айлық нәресте қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 тамызда сағат 00:05 шамасында Алтынсарин және Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында 22 жастағы жүргізуші ВАЗ 21099 автокөлігімен Алтынсарин көшесінде келе жатып, солға бұрылған кезде 24 жастағы жүргізушінің басқаруымен қарсы бағытта келе жатқан Toyota Camry көлігіне жол бермеген.

"Нәтижесінде Toyota 31 жастағы жүргізуші тізгіндеген Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан Toyota-ның жүргізушісі мен ауруханаға жеткізілген жолаушы зардап шекті. Сондай-ақ, көлікте 3 айлық нәресте болған. Ол алған жарақаттың ауырлығына қаза болды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілген.

ҚР ҚК-ның 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram