05 сәуір 2024 16:14

Қостанайда құрылыс алаңында төтенше жағдай болды

Фото: ng.kz

Қостанайда құрылыс алаңында оқыс оқиға болды. Ер адамды құрылыс тастары басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Новая газета" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда құрылыс алаңында оқыс оқиға болды. Ер адамды құрылыс тастары басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Новая газета" басылымына сілтеме жасап.

Басылым редакциясына келген суреттер мен видеоларға қарағанда, ер адамның үстіне құрылыс блоктары салынған паллет құлаған.

"Жәбірленуші көптеген дене жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

"Бұл дерек ішкі істер органдарына тіркеліп, оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram